Қазақтың киіз добы

0
477

Футбол қазаққа жат емес. Мұны тасқа салынған тарихи таңба дәлелдейді. Өр Алтай мен Жоңғар тауларынан табылған таңбалы тастардан футбол ойнаған адам бейнесі кездескен. Үрімжі қаласынан шығатын «Мұра» журналының 1998 жылғы 3-санында «Таңба не дейді? Немесе Алтай футболдың отаны» деп аталатын зерттеу мақала жарияланды. Басылымда жарық көрген тастағы мұрағат – ерте ғасыр суреті. Тарихшылардың пайымдауынша, «Алтай футболын» бәдізшілер сонау Күлтегін билік құрған заманда қашаған.

0_5_tamgtas_51

Екі топқа бөлінген оншақты адам. Біреуі жүгіріп бара жатқан, екіншісі қолын көтеріп тұрған, үшіншісі допқа таласып жатқан бейне… Оншақты адамның кейпімен қимыл қозғалысы бір-біріне ұқсамайды. Доптың көлемі футболшының басындай. Тастағы суреттің тілі дәл осылай сөйлейді.

Қазақтың футбол ойнағаны туралы көнекөз ауыл қарияларының арасында да жақсы әңгіме сақталған. Қытайдың Бейжің қаласынан шығатын «Ұлттар ынтымағы» журналының 1999 жыл 1-санында жазушы-публист Мәдениет Мұқатайұлының зерттеуі жарияланған. Публицистің жазуынша, қазақта доп ойынының түрі көп болған. Мысалы, жасалған материалына, ойнау әдісіне қарай қуық доп, қазан доп, шоқпар доп (тобық доп, шөген доп), киіз доп, жүн доп бөлінеді екен. Доп ойынының әрқайсысының өз алдына ойнау әдісі, шарты мен ережесі бар. Ойын ережесі өте ұқсас. Тағы бір мақаласында«Сонау 2500 жылдың алдында қытай емшісі Шән Ин көшпенді далалықтардың доп теуіп, бір-бірімен таласып-тармасып жүргенін көрген. Далалықтардың добы – сиырдың қуығы мен ірі қараның жел толтырылған қарны және бір-біріне ұқсайтын жүн немесе киіз доп. Жүн доп пен киіз допты көзімен көрген қариялар Алтай мен Тарбағатайдан әлі де кездеседі», – деп бір қайырыпты зерттеуші журналист.

 

123

Киіз доп – жылқының жабағы жал-құйырығынан жасалады. Әжелеріміз бен аналарымыз киіз басқан кезде, сабауға келмейтін қойдың жүнінен бала-шағаға доп жасап беретін. Жүн доп пен киіз доп жеңіл, дәу болған.

 

«Тобық доптың» төркіні

dsc09591

Пырақ тақымдаған қазақ халқында ат спортының алуантүрі бар. Көкпар, бәйге, қыз қууды айтпағанда, ат үстінде ойнайтын доп түрлерінің саны бірнешеу. Соның бір — тобық доп. Тобық доп – ат үстінде щоқпармен ойнайтын шабандоздың ойыны. Тобық доп ірі қараның тобығынан жасалады. Ойынды үлкен-кіші аралас ойнаған. Жүйесі, ережесі болды. Бүгінгі поло ойынына ұқсайды. Тобық доптың жалғасы болу керек, қазақта «тобық тығу» деп аталатын ойын қазірге дейін сақталған.

Тобық доп кей өңірлерде шөген доп немесе шоқпар доп те аталған. Белгілі жазушы-тарихшы, марқұм Зейнолла Сәнік«Мұралар не айтады?»деген көлемді зерттеу кітабында археологиялық қазбалар мен қытай жазбаларынпайдалана отырып, жыл санауымыздан бұрынғы жетінші ғасырда арнаға түскен кемелді ережесі бар ат үсті доп ойыны бар екендігін жазған.«Түрік эциклопедиясында»: «бүгінгі ат үстінде ойналатын тобық доп ойыны Орта Азиядағы түркі тайпаларының қадым заманда ат үстінде ойнайтын ойындарының бірі. Бұл доп ойыны Орта Азиядан Үндістанға тараған. Ол жерден ағылшындар Еуропаға апарды. Поло деген атпен дүниеге танылды»деген сөйлем сөзімізді айқындайды.

 

Тұрақты сөздегі доп атауы

 

Қазақта доппен байланысты балама атау мен тұрақты тіркес көп. Мәселен, «тобықтан қағып түсіру», «допша ұшыру», «допша домалату», «допша тебу», допа (бас киім), доп-домалақ, дөп-дөңгелек, Тәңір добы, «адамның басы – Алланың добы», «той десе, қу бас домалайды»…

Айтпақшы, халқымыз жүйрік жылқыны – «жел қуық» дейді. Мұндағы«қуық сөзі» доппен байланысты айтылған болуы мүмкін. Өйткені малдың қуығына жел толтырып, оны доп қылып тепкен балалар қазір – ел ағасы. Осыдан 30-40 жыл бұрын Бай Өлке мен Алтай, Тарбағатай, Іленің Күнес аудандарында қазақ балалары жел қуық тепкен.

Алдыңғы ақпаратЕрлікке шақырған Ұран
Келесі ақпаратДипломсыз қалаға

ПІКІР ЖАЗУ