Шаңғының төркіні

0
600

немесе ең алғашқы шаңғы жылқы қабырғасы мен терісінен жасалған

 

Шаңғының отаны – Алтай. Мұны сол өлкеде жүргізілген археологиялық қазба дәлелдейді. 2007 жылы Халықаралық Гиннес бас штабы адамзаттың ең байырғы қар шаңғысының мекені Алтай деген тұжырымға келген. Сөйтіп «Гиннес» куәлігі қытайдың Алтай қаласына табыс етілді.

Бұл өлкедегі жартастарға қашалған ескі суреттер де қазақ даласында қар шаңғының болғанын аңғартады. Естеріңізде болса, «шаңғыны ойлап тапқан кім» деген сауалға, бұдан бұрын, яғни 1982 жылы жазған ғалым А.Микляевтiң пікірін орыстар әлі күнге дейін малданып жүр. Ол «осыдан 4300 жыл бұрын Псков облысында (Ресей) шаңғы болған» деген тұжырым айтқан-ды. Норвегиялықтар «7 мың жыл бұрын бiз ойлап таптық» деп даурығады. Грек тарихшысы Ксенофонт бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 401 жылы армяндардың тарихын зерттеп, «Қап тауын мекендейтін адамдар аяғына тақтайша байлаған» деп жазды. Алайда талай ғалымға талас тудырған шаңғының шығу тарихы орысқа да, норвегиялыққа да, шведке де, армянға да қатысты емес. Шаңғыны ойлап тапқан – қазақ.

Осыдан 10 мың жыл бұрын Алтай тауын мекендеген қазақтың арғы тайпасының аяғында шаңғының екі түрі болған. Бірі жылқының қабырғасынан жасалған, тері таспалы сүйек шаңғы болса, екіншісі — самырсыннан жасалып, жылқы, бұғы терісімен қапталған тері шаңғы.

44f72f060e8f0b6ebb1f78000296d460

Алтай — таулы, қыратты, қысы ұзақ, қарлы аймақ. Бұл өлкені мекендеген халық үшін шаңғы спорт түрі ғана емес, қарым-қатынас құралы болған. Қалың қар адам түгілі, жан-жануарлардың емін-еркін жүруіне кедергі. Сондықтан Алтайды мекендеген халықтың қар шаңғыны пайдаланғаны айдан анық.

Қазақ шаңғысының бірінші түрі – жылқы қабырғасынан жасалған. Жылқы қабырғасы – жылтыр, басы қайқы, ұзындығы бір метрдей жалпақ сүйек. Дайын шаңғы. Қар бетінде кедергісіз сырғанайды. Алтайды мекендеген арғы ата-бабаларымыз қабырға шаңғыға малдың терісінен жасалған таспа тағып, аяққа байлап сырғанайтын болыпты.

Сүйек шаңғы жеңіл болғанымен, сүр, қасат қар болмаса, жас-көбікке қолайсыз. Сондықтан оны қар қатқан кезде, қара суықта ғана пайдаланатын болған дейді ғалымдар. Қабырға шаңғының кең қолданылмау себебі – сол.

Шаңғының екінші түрі – тері шаңғы. Яғни бұл жас самырсыннан жонылып, жылқы мен бұғының пұшпақ терісімен қапталған. Шаңғының осы екінші түрі археологиялық қазбаларда жақсы сақталған. Өйткені жылқы терісінен жасалған шаңғыны Алтай тауын мекендеген халық жаппай қолданыпты. Тері шаңғының бүгінгі шаңғыдан айырмашылығы – енді ағашы қалың. Енді болатыны – қарға батпайды, ал ағашының қалыңдығы тау жолына шыдамды. Төрт түліктің ішінде жылқы терісі жүні тықыр, сидам, және төзімді келеді.

Алдыңғы ақпаратДипломсыз қалаға
Келесі ақпаратҚазақ футболы «үйсіз» болмасын!

ПІКІР ЖАЗУ