Алматыға келген Назарбаев туған ауылына ат басын бұрды

0
501

Мемлекет басшысы Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы музей экспозициясында ел Тәуелсіздігінің барлық кезеңдерін, соның ішінде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың салынуын қамту қажет екенін атап өтті.

Музей жанында тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін барельефті панно салынатын болады. Оның ортасына Мемлекеттік тудың тұғырын орналастыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Шамалған ауылына барып, ауылдастарымен бейресми әңгіме өткізді.

ПІКІР ЖАЗУ