Мексикада тағы да жер сілкінді: өлгендер жүздеп саналады

0
92

Елдің президенті Мексика астанасында отызға жуық ғимараттың қирағанын растады, бірақ ондағы қайтыс болғандар туралы әзірге деректер жоқ.
Сонымен қатар ресми органдар кемінде 3.8 млн адамның электр жарығынсыз қалғанын хабарлады.

Магнитудасы 7.1-ге тең жер сілкінісі елдің оңтүстігінде болды. Дүмпу Мексика астанасы Мехикода да қатты сезілді. Зілзала эпицентрі бұл қаладан 120 км қашықта болды. Билік өкілдері қираған үйлер астында адамдар болуы мүмкін екенін айтуда.
Мехикодағы халықаралық әуежай жұмысы тоқтаған, интернет пен ұялы байланыс нашарлаған.

Осы айдың басында Мексиканың оңтүстігінде магнитудасы 8.1 зілзала болып, 90-ға жуық адам қаза тапқан-ды.

ПІКІР ЖАЗУ