Головкин дене даярлығы тамаша спортшылардың рейтингіне енді

0
294

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің тамаша дене даярлығы Sports Illustrated басылымының «әлемнің ең шымыр спортшыларының» рейтингіне енуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий рейтингтің 11-інші орнына орналасып, тізімдегі жалғыз боксшы атанды. Сонымен қатар, рейтингке аралас жекпе-жек бойынша екі жауынгер — Конор Макгрегор мен Деметриус Джонсон енді.

Бұған дейін БАҚ GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке дайындығы барысында оның тамаша дене бітімін жарыса жазған болатын.

ПІКІР ЖАЗУ