Қарағандының теміржол вокзалы 2,1 млрд теңгеге қайта жөнделеді

0
183

Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалыпқа келтіру мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Жөндеу жұмыстары 2,1 млрд теңгені қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында және қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамалар дайындау бойынша байқау жариялаған. Оның құны — 2,1 млрд теңге», — деп атап өтті Қарағанды облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.

Жоспарға сәйкес, екіқабатты павильон салу қарастырылған. Жаңғырту жұмыстарынан кейін вокзалдың алдыңғы жағында қосымша нысан пайда болады, платформалардың үсті жабылады.

«Қарағанды вокзалы арқылы тәулігіне 21 пойыз жұбы өтеді. Жеті бағыт бойынша қалааралық облысішілік және қала сыртындағы тасымалдар жүзеге асырылады», — делінген әкімдік хабарламасында.

ПІКІР ЖАЗУ