Лас-Вегаста қырғын салған қылмыскер мультимиллионер болып шықты

0
166

Лас-Вегастағы музыкалық фестивальде атыс ұйымдастырған ер адам мультимиллионер болып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лас-Вегастың бейбіт тұрғындарын қырып тастаған 64 жастағы Стивен Пэддоктың аста-төк байлығы барын оның бауыры Эрик Пэддок жайып салды.

Оның айтуынша, қылмыскер жылжымайтын мүліктерге инвестиция құю арқылы байыған. Екінші қазанға қараған түні қылмыскер атыс ұйымдастырып, салдарынан 58 адам қаза тапқан болатын.

Кемінде 515 адам зардап шекті. Ал атысты ұйымдастырған Стивен полиция келмей жатып, өзіне қол салған. Оның не үшін мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.

ПІКІР ЖАЗУ