10 сотық жердің кезегінде қанша адам тұр?

0
162

Қазақстан бойынша 450 мың адам баспана алу үшін әкімдік кезегінде тұр. Бұл туралы ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Инвестициялар және даму министрлігінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Әкімдіктерде 450 мың адам, ал 10 соттыққа 1 миллион 300 мың адам кезекте тұр. Мемлекет көптеп құрылыс салуды бастады және кезек те көбейді. Олардың 450 мыңы, яғни 25-30%-ы тұрақты табысы барлар, 25-30%-ы халықтың әлеуметтік әлсіз топтары. Тұрғын-үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы салымшылар саны қазір миллион адамды құрайды. Бағдарлама басталды, жұмыс істеп жатыр және халық қызығып отыр», — деді ол.

Оның айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылы әкімдіктерге 25 млрд. теңге бөлініп, 6 мыңға жуық пәтердің құрылысы басталды. Оның жартысы осы жылы тапсырылатын болады.
Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін кредиттік үйлер салу көзделген. Тұрақты табысы бар мүғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер тұрғын үй жинақ жүйелері арқылы өз баспанасына ие болуға мүмкіндік алады.
Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, бұл өте қолжетімді. Қарыз бойынша ең төменгі төлем, яғни бастапқы жарнаның төменгі шегі 4-5%-ды құрайды.

ПІКІР ЖАЗУ