Н. Назарбаев: Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек

0
293

Орталық атақты Жұбановтар әулетінің көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын дәріптеу, сондай-ақ дарынды балаларды оқыту мақсатымен салынды. Мемлекет басшысына бұл нысанның құрылысы жеке адамдардың қаржысы арқылы жүргізілгені баяндалды.Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан Президенті еліміздің көрнекті ғылым және өнер қайраткерлері – Жұбановтардың өмірі мен шығармашылығына арналған музейді аралап көрді. Бұдан бөлек, Елбасы облыстың жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген жаңғыру үдерісінің ерекшеліктеріне тоқталды.

– Әлем көз алдымызда өзгеруде, біз сол өзгерістердің ортасындамыз. Жаңа ғылымдар пайда болып, тың көзқарас қалыптасуда. Барлық реформалар, соның ішінде қоғамдық сананы жаңғырту үдерісі замандастарымызды жарқын болашаққа дайындау үшін жасалуда, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар Ақтөбе де инновация орталығы болып, өндірістік, қаржылық және адами ресурстарды тартатын факторға айналуға тиіс екендігін ерекше атап өтті.
– Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе облысының халқы екі есе өсті. Осы көрсеткішті арттыру мақсатымен мұнда тұтас шағын аудандар мен қажетті инфрақұрылым салынуда. Барлық жағдай жасалып жатыр. Тұрғын-үй, жол салынып, газ бен су құбырлары тартылуда. Сол сияқты бүкіл Қазақстан аумағы жол желісімен қамтылады. Міне, даму дегеніміз – осы. Мұны адами даму деуге де болады, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Президент тіл мәселесіне де қатысты өз ойын айтты.
– Қазір біз ағылшын тілі, латын әліпбиі туралы айтып жатырмыз. Оның ұлтымызға қатысы жоқ. Егер жүрегімізді тыңдасақ, біз біртұтас елміз… Біздің балаларымыз – планета балалары. Болашақтың тілін меңгеруге тиіспіз. Жастарымыз жаңа әлемнің талабына сай болу керек. Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек. Олай болмаған күнде қоғам қабылдамайды, шеттеп қаласың, – деді Елбасы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев облыс тұрындарына амандық пен бақ-береке тілеп, еліміздің өркендеуі жолында табысқа жетулеріне ниеттестігін білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ