Бородюкке «бара бер» дейтін уақыт келді

0
144

 Ресейде өтетін Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі үміт бүгінгі кездесуден кейін үзілді. Сырт алаңда Польшамен кездескен Қазақстан ұлттық құрамасы 3:1 есебімен есе жіберді.

Жыл басында бапкерлік міндетті мойнына алған Бородюктің 6-шы жеңілісі — бұл. жеңіліс синдромы дертінің ұлғаюына ұлттық құрама бапкері кінәлі ме, әлде сылбыр-салақ ойнайтын ойыншылар ма?

Сұрақтың жауабын табу қиын. дегенмен, коучты сынау уақыты аяқталғандай. байсуфиновтың кезінде жасындай жарқылдаған жігіттердің жанарынан жасын оты өшкені айқын көрінеді.

«Итті иесімен қинасын» деген үш ауыз даналық сөздің осы тұста үйлесе кететінін қайтерсің?!

ПІКІР ЖАЗУ