Қостанай облысында уақытша ұстау изоляторының қызметкері өзін-өзі атып тастаған

0
238

Рудныйда уақытша ұстау изоляторының қызметкері суицид жасады, — деп хабарлайды alau.kz. Бұл мәліметті Қостанай облыстық прокуратурасының өкілдері растады.

Оқиға 1 қазанда түнгі уақытта болған.

«Рудный қалалық уақытша ұстау изоляторының 24 жастағы қызметкері сағат 1.30-да өзін-өзі табельдік қарудан атып жіберген. Суицидтің алдын ала себебі — сүйіктісімен ұрысып қалған болуы мүмкін», — деді Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ЖАЗУ