Бейлдің бағы басқа клубта жанбақ

0
239

Испанияның «Реал Мадрид» клубы кезінде рекордтық сомаға сатып алған уэльстік жартылай қорғаушы Гарет Бейлді сатуы мүмкін, деп хабарлайды El Confidencial басылымы.

Испандық БАҚ-тың хабарлауынша, мадридтіктердің бас бапкері Зинедин Зидан мен клуб президенті Флорентино Перес Бейлдің физиологиялық жағдайына алаңдай бастаған. Өйткені 2013 жылы 14 қыркүйекте мадридтіктер сапында алғашқы матчын өткізгеннен бері 65 кездесуде командасына көмек бере алмаған.

Өткен аптада AS газетінің журналистері Гарет Бейлдің Мадридке келгелі алған 18 жарақаты туралы инфографика ұсынған болатын. Жарақаттың көпшілігін футболшы сол аяқ бұлшықеттері мен тізесінен алған. Соңғы күндері Зидан Бейлдің денсаулығына қатты алаңдаушылық білдіріп, бұл жайлы президент Переспен әңгімелескен екен. Бірақ клуб басшысы бұл жайлы әлі ешқандай шешім қабылдамаған. El Confidencial-дың жазуына қарағанда, клуб басшылығындағылар бұл трансферден 101 миллион еуро табуды жоспарлап отыр.

ПІКІР ЖАЗУ