Черчильдің сигары тұқылы 12 мың долларға сатылды

0
177

Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилльдің (1874-1965) Париж әуежайындағы жартылай шегілген сигары АҚШ-тағы аукционда 12 мыңнан астам долларға сатылды. Associated Press (AP) ақпарат агенттігі бейсенбі күні хабарлағандай, онлайн режиміндегі бәссауданы Бостондағы (Массачусетс штаты) RR Auction үйі өткізген.

Оның ақпаратына сәйкес, аукционда Кубада тапсырыспен жасалған La Corona маркалы темекі сатылған. Темекі тұқылының ұзындығы 10 см. Черчилль бұл темекіні 1947 жылдың 11 мамырында Париждің Ле-Бурже әуежайында тартқан. Лотында Ле-Буржеде қолында Ла Корона ұстап тұрған британдық премьер-министрдің суреті жапсырылған, суретте қолтаңба бар. Темекі тұқылын британдық ұшқыш Уильям Алан Тернер сақтап қалған. Оның экипажы 1947 жылдың мамырында Черчилльді Парижге және қайта Ұлыбританияға жеткізген. Палм-Бичтік (Флорида штаты) коллекция жинаушы тартылып бітпеген сигардың жаңа иесі болды.

ПІКІР ЖАЗУ