Елордада шойын люктерді ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

0
335

Елордада шойын люктерді сатуды бизнеске айналдырған топ ұсталды. Бұл жайлы Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекова мәлімет таратты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Криминалдық полиция қызметкерлері елорда аумағында шойын люктерді ұрлаумен айналысатын адамдарды ұстады. Аталған қылмысты ашуда бейнекамералар өз септігін тигізді. Ұсталғандар — Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары, 30 және 23 жастағы бұрын сотталған жігіттер. Күдіктілер қалада түнде автомашинамен жүріп, ұрлық жасаған. Осылайша қаскүнемдер құбыр құдықтардың отыз шойын қақпағын ұрлаған», — дейді ІІД өкілі.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, аталған факт 188-бап бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тексерілу жүргізіліп жатыр.

«Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы тексерілу үстінде. Қаскүнемдер ұрланған шойын люктерді металл қабылдау орындарына тапсырған. ҚР заңдарына сәйкес сатып алушылар да жауапкершілікке тартылады. Құбыр люктерді ұрлаған қаскүнемдер тек қана материалдық шығын келтірмейді. Олар осылайша азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді», — деп хабарлады София Қылышбекова.

ПІКІР ЖАЗУ