Талдау жасайтын тұсымыз қызметтен тысқары 

0
197
  1. Ақпарат толассыз беріліп жатыр, сәйкесінше, ол қорытылып жатыр. Ақпарат болғанда да, ұлттық һәм мемлекеттік мүддеге қызмет етпек мазмұнды мағлұмат емес, көрінгеннің ішкен асы мен киген киімі жайлы ошақ басы дәрежесіндегі мардымсыз дүниелер. Әрине, сіз естияр болсаңыз назар аудармай өтуге әбден болады, өкініштісі, ақпарат қабылдаушы қауымның көпшілігі осы нәрселерді іздейді. Жә, айтпағым не, мақсатым қандай? Әрі қарай оқыңыз.
    Өздеріңізге аян, Инстаграм мен Фейсбуктың лентасын елдің «еңбектеген жасынан еңкейген кәрісіне дейін» деп аталатын аралық күніне сан рет парақтайды. Сананың тәуелділігі мен өзіндік басқару қабілетінің төмендігінен. Сөз еркіндігі заңмен қорғалатын, ақпарат қабылдау да, жеткізу де кез-келгенге қолжетімді болып тұрған бүгінгі күнде бұл заңды дерсіз, бәлкім, төмендегідей зияндарын білмей тұрып.
    «Бірде Алматыға спарым автобуста болды. Жанымда жұпыны киінген, жанарының оты қайтқан жігіт жолсеріік болды. 15-16 сағат құр отқанға өтпейтіні әмбеге аян, жолдасымды әңгімеге тарттым. Мұң басқан шерлі жанар шерменде болған сабаздың сиқын көрсетіп тұр.
    -Бауырым, есімің кім, қай жақтансың?-деп әдеттегі сұрақтарды қойдым.
    -Баубек, Алматыданмын,-деді сүлесоқ қалпы. Толассыз әңгіменің тиегін ағытуға әрекеттеніп:
    -Баубек, менің ныспым – Дәурен. Қызылорда деген жерденмін. Жол қысқарсын, үнсіз отырма,-дедім сөз тапқансып.
    -Қысқартып қайтпекпін, енді жолдың аяқталмауын тілеймін!
    -Себебі?
    -Бауырым, айта берсем түбіне жетпейміз ғой,- деді алысқа көз тастап.
    -Жол ұзақ, уақыттан қам жеме,- деп емсіне түстім.
    -Жарайды, онда мен айтып болғанша артық сұрақ қойып, сөзімді бөлме,- деді.
    Сол ұзақ әңгіменің ұзын-ырғасы былай. Баубек бала кезінен әкеден жетім қалған, жалғыз шеше еден жуып, баласын ел қатарына қосқан. Бірақ қу жалған дегенін істеп, Баубек 16 жасқа толғанда шешесінің де дәм-тұзы таусылады. Жылап-жылап көз жасын сарқыған жас жігіт Қызылорда жақтағы нағашыларын жағалайды. Баланың жолы ауыр ма, әлде басқа шешесінің аға-інілері де қара нан мен суды талғажау етіп отырған жандар еді. Амалдап, Баубек осы Ақмешітте екі жыл тұрады күнкөріс қамымен. Кәмелет жасқа толысымен Алматыға қайта оралады. Өз күшімен әжептеуір мамандықты игеріп, сол бойынша қызмет те жасайды. Тағдырдың сыйы болар, қызметі күн сайын қарқындап, өсе берді. Бір күні кездейсоқ жағдайда сылқым арумен танысудың реті түсті. Өзі 20-дан әлдеқашан асып кеткен жігіттің үйлену деген ойы бір ұртында жүруші еді. Сондай үлкен мақсатпен әлгі қыз екеуінің арасында махаббат басталды. Арада 6 ай өткенде Алуа мен Баубектің тойы кішігірім мейрамханада өтті. Бәрі өз орнымен еді, әттең Алуаның шешесінің:
    -Құдаларымыз қайда, өлсе де орнын басар аға-інісі жоқ па, бұл не масқара,-деген сөзі болмағанда. Өмірдің ащы-тұщысын бозбала күнінен өріп келе жатқан Баубекке бұл өте ауыр соққы болды. Өйткені, әкесінің жалғыз ағаасы ертеректе қайтыс болған, ал нағашысы хал үстінде жатыр.
    Бәрін айт та бірін айт, әупірімдеп жүріп той да өтті. Мешіттегі неке қию рәсімінде келіншегі күйеуінен сыйлыққа IPHONE сұрады. Баубек оны да тыраштанып жүріп, несиеге батып алып берді. Осыдан кейін басталды қызықтың көкесі. Қайран таңдаған сұлу жары күн төбеге көтерілгенше ұйықтап, тұра салысымен ұялысына үңіліп отырғаны. Бір күні қиғылықты салды:
    -Міне қара инстаграмда құрбыларым шуба киіп, мейрамханадан ас ішіп жүр. Мені де осылай күт, әйтпесе мен сенің мына лашығыңда тұрмаймын,- деп.
    -Өй, әкеңнің, азарың өтті ғой,- деп жұдырығын ала ұмтылған Баубекке:
    -Ұр, сосын Баян ханым секілді соттатамын да жіберемін,- деп шапшыды.
    -Жоқ, мен қолымды былғамаймын. Мен келгенше үйді босат,- деп шыға жөнелді Баубек.
    Міне, содан бері бірнеше ай өтті, нағашым қайтты, соның жаназасынан келе жатқан бетім,-деп сөзін түйді жігіт.

    Бәсекелестік пен бәрекелдіні сүйетін әдет қай бабамыздан дарыды екен қанымызға? Әйтеуір, жағдайың жете ма, жоқ па қарайламай, жұртқа жармаса береміз. Бүгінгі қазақтың бойында «жұрттан қалу» деген фобия бар.

    Оның вирусын таратушы – әлеуметтік желі. Шүкір, Фейсбук, Инстаграм, Твиттер желілерінде қазақтың зиялы азаматтары, құнды деректер жазатын блогерлер баршылық. Бірақ, көпшілік қауымның сұрағаны ол емес. «Мына әнші не киді, мына актер не жеді?» деген ошақ маңындағы сыпсың әңгімеден аса алмайды. Шындығында, әншінің әні, актердің киносы ғой керегі бізге.
    Ал дүйім жұрттың бетке ұстары, қазіргілердің бағытына қарап айтқанда, бет түзейтін бағытымыз болып отырған өнер адамдарының көпшілігі киген киімі мен ішкен асын жариялаудан ары аса алмай отыр. Бұл қоғамға қауіпті болуы әбден мүмкін. Баубек сынды қалтасы жұқа жігіттер жоқ дей алмайсыз, Алуа сынды ақылсыз әйел жоқ дей алмайсыз. Нәтижесінде, ажырасы статистикасының саны арта түседі. Кімге пайда, кіме зиян?
    Сайып келгенде, барлық дүие сұраныстан туындайды. Демек, қоғамдағы ақпараттың кесірінен болды деген келеңсіздіктің бәрін сол ақпаратты берушіге төңкере салуға болмайды. Оны сұрап оқан өзіміз. Демек, өзіміздің ойлау дәрежемізді кеңейтуіміз керек.
    Қазақ қоғамы әлі күнге ақпаратқа аналитика жасамайтынын, пиар мен жарнамадан шын ақпаратты айыра алмайтынын мойындауымыз шарт.

Ақпарат толассыз беріліп жатыр, сәйкесінше, ол қорытылып жатыр. Ақпарат болғанда да, ұлттық һәм мемлекеттік мүддеге қызмет етпек мазмұнды мағлұмат емес, көрінгеннің ішкен асы мен киген киімі жайлы ошақ басы дәрежесіндегі мардымсыз дүниелер. Әрине, сіз естияр болсаңыз назар аудармай өтуге әбден болады, өкініштісі, ақпарат қабылдаушы қауымның көпшілігі осы нәрселерді іздейді. Жә, айтпағым не, мақсатым қандай? Әрі қарай оқыңыз.

                                                                                                Әділет МӘДЕНИЕТ

ПІКІР ЖАЗУ