Сағынтаев DFJ венчурлік компаниясының тең құрылтайшысы Тимоти Дрейпермен кездесті

0
84

 Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Draper Fisher Jurvetson (DFJ) венчурлік компаниясының тең құрылтайшысы Тимоти Дрейпермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында ынтымақтастық орнату, атап айтқанда Астанадағы халықаралық стартап-хаб жұмысындағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаевтың Сан-Франциско қаласына (Америка Құрама Штаттары) Кремний алқабына жұмыс сапары аясында жасалған келісімдердің іске асырылу барысы қаралды. Еске салсақ, DFJ технологиялар саласындағы ерте кезеңдегі және өсу кезеңіндегі жобаларға инвестицияларға бағдарланған.

 

ПІКІР ЖАЗУ