Бакуге бет алған ұшақ Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды

0
185

Бакуге бет алған ұшақ Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астанадан Бакуге ұшқан ұшақ навигациялық қондырғысындағы ақауға байланысты әуежайға қайтып оралды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Facebook парақшасында жазды.

«2017 жылғы 21 қазанда Астана Баку бағытында КС113 рейсіндегі ұшақ навигациялық қондырғысындағы проблемаларға байланысты Астана әуежайына қайтып оралды. Авиалайнер 22:56-да штаттық режимде келіп қонды», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ұшақтың бортында 90 жолаушы болған.

ПІКІР ЖАЗУ