Полицей мен медицина қызметкерлері ұсталған адамды өлтіріп алды

0
202

Астана қаласының прокуратурасы ұсталған азаматты өлтіріп алған полиция сержанты мен Астана қаласының әлеуметтік-медициналық оңалту орталығының қызметкерлеріне қатысты істі сотқа жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «15 наурыз күні сағат 03:00 кезінде «102» нөміріне қала тұрғындарынан шағым келіп түсіп, Б.Момышұлы көшесіндегі аулада белгісіз біреу көліктердің жарық шамдарын шағып кеткенін айтқан. Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар 29 жастағы мас күйдегі азаматты ұстап, оны Астана қаласының әлеуметтік-медициналық оңалту орталығына жеткізген. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын», — деп хабарлайды ведомстводан. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңалту орталығына жеткізілген азамат бағынбай, орталық қызметкерлеріне көнбей, физикалық тұрғыда қарсылық танытқан.

Кривенконы сабасына түсіру үшін полиция қызметкері мен орталықтың қызметкерлері оған күш қолданған. «Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізілімінде ҚР 362-бабы 4-бөлігі (лауазымын асыру пайдалану) және 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда кісі өліміне әкеп соққан қасақана ауыр түрде дене жарақатын келтіру) бойынша тіркелген. Бірқатар сараптамалар легі тағайындалып, дәл сол күні Астана ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен күш қолданған полицияның кіші сержанты тұтқынға алынды. Сонымен бірге, Астана қаласының әлеуметтік-медициналық оңалту орталығының қызметкерлері де ұсталған», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасының арнайы прокуроры істі тергеп, қорытынды шығару үшін істі сотқа жолдады.

 

Алдыңғы ақпаратМұрат ӘУЕЗОВ: Қытайды жеңетiн талай тәсiл бар…

ПІКІР ЖАЗУ