АҚШ ұшатын автомобильді сынақтан өткізіп жатыр

0
315


АҚШ Азаматтық авиация федералды басқармасы ұшатын автомобильді сынақтан өткізуге рұқсат берді, — деп хабарлайды NewsTex.

Құрастырушылардың айтуынша, автомобильге төрт адам сыяды. Ұшу автоматты түрде жүзеге асады, дегенмен қонатын кезде автомобильді жүргізуші (ұшқыш) басқарады.

Прототип ауада 122 метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 161 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Ал нарыққа шығарылатын дайын үлгі сағатына 322 шақырым жылдамдықпен қозғалатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ