Еліміздегі 37 кәсіпорын 457 млн теңге еңбекақыны төлемеген

0
417

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбек қатынастары аясындағы заң бұзушылық әрекеттерге арнайы есеп жүргізіліп, нәтижесінде өз қызметкерлеріне 457 млн теңге берешек болып қалған 97 кәсіпорын анықталыпты. Бұл туралы әлеуметтік серіктестік және еңбек-әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиисияның отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова хабарлады
«Жыл басынан бері 3 мың қызметкердің алдында еңбек ақы төлемеу жөнінде 16 кәсіпорында 106 миллион теңге және 37 кәсіпорында 457 миллион теңге берешек өсімі байқалып отыр«, — деп келтірді статистика мәліметтерін Т.Дүйсенова.
Жалпы алғанда, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және алматы қаласында еңбек ақы берешектері артқан.
«Банкрот-кәспорындардағы, сондай-ақ оңалту процесіндегі кәсіпорындардағы еңбекақы берешектері алаңдаушылық тудыруда. 8 сәуірдегі жағдай бойынша 101 кәсіпорын 822,5 миллион теңге соммасына қарыздары бар. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда мониторинг жүргізіліп жатқан кәсіпорындар бойынша 1 миллиард 200 миллион теңге берекшек сомасы бар. Банкроттар бойынша, ШҚО атап өткім келеді, мұнда берешегі 141 миллион теңге 20 кәсіпорын бар, Алматыда — 7, Қарағанды облысында — 9, Батыс Қазақстан облысында 5 кәсіпорын», — деді министр.

ПІКІР ЖАЗУ