Назарбаев Астанада мұнай-газ саласына жауаптыларды жинады

0
398
© Akorda.kz

Назарбаев мұнай-газ саласындағы мәселелер бойынша жиын өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин мен ведомство және ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттің көмірсутек шикізатының әлемдегі бағасы тұрақсыз кездегі энергетикалық саясатының аспектілері талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қысқы уақытта газбен қамту мәселесі қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Tengrinews.kz 

ПІКІР ЖАЗУ