Бинәли Йылдырым: Қазақстанға ризамыз

0
336
ntv.com.tr

Түркия үкіметінің басшысы Бинәли Йылдырым өзі елі Ресей арасында суып кеткен қарым-қатынасты жақсарту жолында Қазақстанның елеулі еңбек сіңіргенін айтып, ризашылығын жеткізді.

Елдегі билеуші Әділет және даму партиясының мүшелері алдында сөз сөйлеген премьер-министр Ресеймен қарым –қатынасты бұрынғы қалпына келтіру үшін орасан күш-жігер жұмсалғанына тоқталды. Ол Ресей-Түркия байланысын жақсарту үрдісі басталғанын айта келе, қарым-қатынасты тежеген тоңның жібуіне зор үлес қосқан Қазақстан мен Әзірбайжан басшыларына ризашылығын білдірді.

jasqazaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ