Вторник, 26 ноября, 2024

1 сәуірден бастап Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өседі

АИ-80 маркалы бензин тоннасына 93 161 теңге, АИ-92 маркалы бензин және АИ-93 құны 193 649 тоннасына теңге болады, жазғы немесе маусымаралық дизель отыны тоннасына 236 156 теңгеге жетеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл “Ашық НҚА” сайтында жарияланды. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні атап өтіледі.

Орта есеппен АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне 6-7 теңгеге, дизель отыны 12-14 теңгеге өседі. АИ-95 маркалы бензин реттелетін тауарлар тізімінен алынып тасталды.

Әзірге оңтүстік өңірлердің тұрғындары дизель отынының тапшылығын сезінді.

Сонымен қатар, Орал жанармай құю бекеттеріндегі АИ-92 құны литріне 169-дан 175 теңгеге дейін өзгереді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған