«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш қаласындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Астанадағы ауа райы болжамы:
- 10 ақпан: көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -24…-26°C, күндіз -13…-15°C.
- 11 ақпан: бұлтты, ауық-ауық қар жауады. Оңтүстік-шығыстан күші 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -20…-22°C, күндіз -13…-15°C.
- 12 ақпан: бұлтты, ара-тұра қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -21…-23°C, күндіз -12…-14°C.
Алматыдағы ауа райы болжамы:
- 10 ақпан: көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз -1…-3°C.
- 11 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады. Ауық-ауық тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, -3…-5°C.
- 12 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман, жолдар көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, -2…-4°C.
Шымкенттегі ауа райы болжамы:
- 10 ақпан: бұлтты, қар жауады, түнде кей жерлерде қатты қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.
- 11 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C.
- 12 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.