Понедельник, 25 ноября, 2024

Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» ісіне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
ҚМА баспасөз қызметі хабарлағандай, 2012-2017 жылдар аралығында кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев (Forbes рейтингіне енген) қайтарылмайтын несие беру арқылы банктен қаражат алып шығарған.
Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу жөнінде санкция берілді.
Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.
Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды.
Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған