Вторник, 26 ноября, 2024

Статистика: 7 миллионға жуық адамда баспана жоқ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, елімізде 6 миллион 435 мың 175 адамның меншігінде бір баспанасы (пәтер немесе жеке үй) бар.

Жуырда тұрғын саны 20 миллионнан асқаны белгілі болды. Соңғы санақ бойынша, елде 6,6 миллион бала бар.

Шамамен 6,9 миллион адамның меншігінде жеке баспанасы жоқ. Бұл көрсеткішке олармен бірге тұратын, бірақ мүлікке меншік құқығында үлесі жоқ меншік иелерінің жұбайлары да кіреді.

Бүкіл ел бойынша барлығы 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінде 944 849 тұрғынның атында 2 жылжымайтын мүлік бар;

286 502 азаматтың 3 және одан да көп жылжымайтын мүлігі бар;
оның ішінде 1669 азаматтың 10-нан астам жылжымайтын мүлігі бар.
Кәмелетке толмағандардың атына 91 534 жылжымайтын мүлік тіркелген.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйеде тек жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген азаматтар туралы ақпарат қамтылғанын ескертеді.

ARDA-Aqparat 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған