14 наурызынан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан MUHTAR ÁÝEZOV. 125JYLжәнеAHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары сатуға шығарылады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары:
– номиналы 500 теңгелік күміс монеталарының массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы 2 000 дана;
Күмістен жасалған монеталардың бейнесі
– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.
Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі
AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары:
– номиналы 500 теңгелік күміс монеталардың массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы – 2 000 дана;