Танымал айтыскер Айшолпан Тілеутай қалай 51 келі салмақ тастағанын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы ол «Қыздар-ай» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
«Боксты тастаған соң 4 жылда салмақ қосып алдым. Айнааламдағылар сөз айтатын, сонда несі бар, өзіме жарасады деп жүрдім. Бір күні шапаным сыймай қалды. Сол кезде арықтау керегін түсіндім. Динара Сәтжанмен бәстестік. Мен саған мына спорт киімді сыйлаймын, кейін 20 келі тастадым, кейін болмысым өзіме ұнамаған соң тағы 1 айда 10 келі тастадым. Бір күні Динара Сәтжанды көріп қалдым. Ол маған «арықтап кетіпсің ғой, шапаныңды алып кетсеңші» деді. Ол жерде бәрі арық адамдарға арналған ғой, шапан сыймай қала ма деп қорықтым. Жоқ, дәл келді. Шапан үшін жан, май — бәрін пида қылдым», — деді айтыскер.
Өнер иесі о баста қанша келі болғанын, одан арылу үшін не істегенін айтты.
«Нақты салмағым 167 келі болдым. Қазір салмағым — 116 келі. Тұрақты түрде спортпен айналысамын, бассейн, 20 мың шақырым жасаймын. Одан соң, ұйқымды реттедім», — деді ол.