Четверг, 28 ноября, 2024

1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

Түркия президенті және Халық альянсынан президенттікке кандидат Режеп Тайип Ердоған жексенбі күні Ыстанбұлда сайлауалды митинг өткізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ресми мәлімет бойынша оған 1,7 миллионнан астам адам қатысты.

Түркияда өткізілген кейінгі сауалнамаларға сәйкес, Ердоған 14 мамырда өтетін президенттік сайлауда оппозиция көшбасшысы Кемаль Кылычдароглудан кейін тұр.

Сондай-ақ Р.Ердоған сенбі күні Кайсери тұрғындарының алдында сөз сөйледі. Анадолы агенттігінің жазуынша, ел басшысы Түркия соңғы 20 жылда республика аяққа тұра бастаған кейінгі 80 жылмен салыстырғанда анағұрлым жетістікке жеткенін атап өтті.

«Мұның бәрі – биліктің ғана емес, Түркияның бүтін 82 млн халқының жетістігі», — деді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған