Четверг, 28 ноября, 2024

17 жастағы қазақстандық шахматшы әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді

17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанды жеңді деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Астана өкілі Меруерт Камалиденова шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионы. Ол төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанға бірде бір мүмкіндік бермей, сенімді түрде жеңіске жетті!» – делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманованың 11 жеңісі, 4 жеңілісі және бір ғана ұтысы бар.

Астанада әлемнің әйелдер құрамасы мен Қазақстан құрамасы арасындағы матч аяқталды. Қазақстандық спортшылар әлем құрамасынан 55:73 есебімен жеңіліп қалды.

Әйелдер құрамасы матчының жалпы жүлде қоры – 5 50 мың.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған