Четверг, 28 ноября, 2024

18 мыңнан астам қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

3 наурыздан бастап осы уақытқа дейін жеке тұлғалардан банкроттық бойынша 18 мыңнан астам арыз келіп түсті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

“Арыздар негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде. “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:

  1. борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
  2. борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;
  3. некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);
  4. банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі”, — делінген хабарламада.

Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған