Среда, 27 ноября, 2024

«1800-ден аса үй ауыз сусыз қалды»: БҚО аудандарының бірінде төтенше жағдай жарияланды

БҚО Теректі ауданының Теректі ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл туралы Теректі ауылдық округі әкімінің аудан басшысына жолдаған хатында айтылған.

«2023 жылдың 30 қаңтарына қараған түні Қабыл Төбе ауылындағы құдықтардың су айдауын тоқтатты. Оның себебі – мобильді жөндеушілер тобының анықтамасы бойынша – Теректі ауылына ауыз су беретін бес су сорғыштың біреуі істен шыққан. Соның салдарынан 1 859 тұрғын үй, 51 әлеуметтік нысан, оның ішінде 2 орта мектеп, 2 балабақша, 1 емхана мен 1 аурухана ауыз сусыз қалды. Аудан орталығында 92 үйде жылыту жүйесі өшірілді. Осы айтылғандарды реттеу үшін аудан орталығының аумағында төтенше жағдай жариялауды сұраймыз», — делінген хатта.

Сондай-ақ, өтініште жылу жүйесінің қатып қалмауы және маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті сорғыларды сатып алуға қаражат бөлу қажеттілігі жазылған.

Қазіргі уақытта аталған үйлердің тұрғындары өзге жерлерге көшіріліп жатыр.

Өз кезегінде Теректі ауданы әкімдігі аппаратының бас инпекторы аталған мәселелерді ескере келе, тіршілікті қамтамасыз етудің коммуникациялық жүйелеріндегі ақауларды болдырмау мақсатында технологиялық бұзушылықтарды жою үшін төтенше жағдай жариялауды талап етілетінін мәлімдеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған