Вторник, 26 ноября, 2024

«20 мың доллар пара алған»: Қорғаныс министрлігінің қызметкері ұсталды

Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған