ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет кулуарында киік санын реттеу шаралары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Бүгін біз ақбөкендерді алып қоюға мораторийді ұзарту туралы ұсыныспен ақпарат жібердік. Егер біздің ұсынысымыз қолдау тапса, онда 2023 жылдың соңына дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы ақбөкендерді атпаймыз», — деді Серікқали Брекешев.