Понедельник, 25 ноября, 2024

2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қордан балаларға қаражат аударыла бастайды

Келесі жылдың 1 ақпанынан Ұлттық қордан балаларға қаражат аударыла бастайды. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол: «Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады. Одан кейін есептеулер жүргізу үшін бір балаға соманы анықтау қажет болады. Бұл қарапайым арифметика, 18 жылдағы инвестициялық кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың санына бөлінеді. Сол арқылы бір балаға берілетін сома анықталады. Аударым алдағы жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырылады. 1 ақпаннан кейін 18-ге толған балалар электронды платформа арқылы ақшаны шешіп алуға өтінш беруге құқылы», — деді.

Шотқа ақша түскенін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан тексеруге болады.

«Ол үшін баланың ЖСН-ін енгізіп, қаражат түскенін не түспегенін тексеру қажет. Ол жерде 2024 жылға ғана түсетін қаражат болады. Ал бірнеше жылға түсетін қаражатты көру үшін Egov-тағы жеке кабинетке кіру керек», — деді вице-министр.

ARDA-Aqparat 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған