Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының негізінде 2024–2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің кірістері болжамдары бойынша 2024 жылы 16,1 трлн теңгені құрайды, бұл ЖІӨ-нің 11,9%-ін, 2026 жылы – 18,4 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 10,7%-ін құрайды», – деді министр.
2024 жылы ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 1,6 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт тарту жоспарлануда.
«2024 жылы бюджет тапшылығын 2025–2026 жылдары ЖІӨ-нің тиісінше 2,4%-ке және 2,3%-ке дейін төмендете отырып, ЖІӨ-нің 2,6%-і деңгейінде айқындау ұсынылады. Мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейі 2024 жылы ЖІӨ 6,5%-тен 2026 жылы ЖІӨ-нің 4,6%-ке дейін төмендеумен болжануда.
Осыны ескере отырып, республикалық бюджет шығыстары 2024 жылғы 24 трлн теңге көлемінде болжануда, яғни ЖІӨ-нің 17,8%-ін, 2026 жылы – 25,2 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 14,6%-ін құрайды», – деді ведомство басшысы.