Ертең, 21 сәуірде республика бойынша барлық телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Қазтелерадио» АҚ жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
«2023 жылғы 21 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды тоқтатумен жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», делінген хабарламада.
Ұлттық хабар тарату операторы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Тоқсан сайын жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Олар жоғары сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.