Среда, 27 ноября, 2024

22 жастағы Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Колумбия астанасы Боготода өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрғиса жұлқа көтеруде 174 келіні бағындарса, серпе көтеруде 209 келіні еңсерді. Осылайша, отандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 383 келіні көтерді.

Бұл салмақта бахрейндік Лесман Парадес жеңімпаз атанды. Ол екі бағдарлама нәтижесінде 397 келіні бағындырған. Қоланы тағы бір бахрейндік спортшы Джор Морено (380 келі) иеленді.

Айта кетелік, Нұрғиса Әділетұлы 2000 жылы дүниеге келген. Ол 2021 жылы Ташкентте өткен ересектер арасындағы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері. Боготодағы әлем біріншілігінде Қазақстан екі медальмен көзге түсті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған