Түркияның оңтүстігінде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезар мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Оның сөзінше, 15 834 адам жарақат алған.
Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адам аман шығарылғанын мәлім етті.
Сондай-ақ Ф.Октай 338 мың адам жатақхана, университет пен түрлі орналастыру орындарына жайғастырылғанын айтты.
Президент Режеп Тайип Ердоған Түркияда жеті күнге жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Ел аумағында барлық Мемлекеттік тулар түсірілді.