Елімізде жастардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу мәселесі өзекті. Жастарға арналған қандай бағдарламалар бар? Energy Prom сарапшылары анықтап көрді, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.
БҰҰ-на сәйкес, жастар деп 15-24 жас аралығындағы адамдар саналады. Ал NEET мәліметінше, елімізде және көптеген ТМД елінде 14-29 жас аралығындағылар саналады. Төменде Қазақстандағы 35 жасқа дейінгі адамдар саны көрсетілген.
Елімізде жастарға арналған «Алматы жастары бағдарламасы» бар. Ол 2017 жылы басталған, бүгінде бұл бағдарлама бойынша 3,1 мың жас баспаналы болды. Былтыр мемлекет тарапынан бұл бағдарламаға 14 миллиард теңге, ал Отбасы банктен 4 миллиард теңге бөлінді. Ал биыл мемлекет 15 миллиард бөлсе, Отбасы банк 3 миллиард теңге бөлген. Биыл бұл бағдарлама арқылы 853 жас маман баспаналы болған. Бағдарлама шарттары төменде:
Бүгінде Отбасы банк операторы ұсынатын қазақстандықтар үшін аса маңызды тұрғын үй бағдарламалары 35 жасқа дейінгілерді баспанамен қамтуды көздейді. Бұл институттың арнайы бағдарламалары Алматы, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Абад облыстарында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық жастарға аяққа тұруға мүмкіндік береді және осындай тиімді ұсыныстар шеңберінде арнайы жеңілдікті шарттарды пайдалануға мүмкіндік береді.