Четверг, 28 ноября, 2024

4 000 тонна су төгілді: Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Каштак орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақытылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ.

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгу үшін тікұшақтар тартылды. Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет су төгілді, жалпы көлемі – 1 500 тоннадан астам. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет су төгілді, жалпы көлемі – 4000-ға тоннаға жуық.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған