Четверг, 28 ноября, 2024

«420 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады»: Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа берілді

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Arda-ақпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда.

«Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.

Осы жылдың 22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған