Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Гұбашев жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ақпаратты растады.
«Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қоңырау сағат 9:48-де түскен.
«1968 жылы туған ер адам жұмыс орнында нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол есінен танып құлаған», – делінген хабарламада.