Желіде 45 келілік той көйлегін киген қалыңдықтың видеосы тарады, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ақерке Жүнісхан есімді TikTok қолданушысы парақшасында қалыңдық көйлегін көрсетіп видео жүктеген. Онда көйлегінің ауыр екені, түрлі әшекеймен қапталғаны көрінеді. Қалыңдықтың видеосы 500 мың қаралым, 43 мың лайк жинаған.
@a_zhuniskhanqyzy
Қалыңдықтың айтуынша, бұл көйлектің салмағы — шамамен 45-50 келі. Ал оның бағасы — 7 мың доллар немесе 3 миллион теңге.
«Көбі көйлектің бағасын сұрап жатыр. Көйлек 7 мың доллар тұрады. Қалтаңыз көтерсе, неге кимеске? Онда тұрған ештеңе жоқ», — деп жазған ол.
@a_zhuniskhanqyzy Ответ пользователю @baka Почему наша казахская аудитория такая негативная??? 🤷🏻♀️ Благодарю всех тех, кто поддерживал в комент❤️❤️
Желі қолданушыларының бірі мұндай той көйлегін алған қалыңдықты түсінбейтінін айтса, енді бірі жарасып тұрғанын жеткізген.
«Күйеуімен вальс қалай билейді?»,»Мынау 30-40 келі шығар»,»Екіқабатты шаш үлгісін жасап алатын апайлар сияқты», «Мына көйлекпен төрдегі 4 орынды өзі алды ғой», «Әп-әдемі ақ көйлек. Мұндай мүмкіндік бір рет қана беріледі, арманыңдағы көйлекті неге кимеске? Бақытты болыңыз», «Өміріңіз көйлегіңіздей әдемі болсын», «Нағыз ханшайым болдыңыз», «Не деген ерекше көйлек, көздің жауын алып тұр», — деп жазған олар.