Среда, 27 ноября, 2024

45 жастағы ер адам төбелестен соң комаға түсіп, артынша көз жұмды

Алакөл ауданына қарасты «Достық» стансасындағы шағын жанұялық жатақханада 45 жастағы ер адам төбелестен соң комаға түсіп, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның өліміне кінәлі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«4 желтоқсанда кешке қарай қатты соққыға жығылған 45 жастағы ер адам Алакөл аудандық ауруханасына түсті. Дәрігерлер жәбірленушінің басынан ауыр жарақат алған деген диагноз қойды, соның салдарынан ол комаға түсіп, көп ұзамай қайтыс болды. Ер адамның шағын жанұялық жатақханада тұратын Достық шекара бекетінен жеткізілгенін анықталды»,- делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жәбірленуші жатақханада танысымен жанжал кезінде жарақат алған.

«Ауызша кикілжіңнің соңы төбелеске ұласқан. 46 жастағы күдікті қамауға алынды», — делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өліміне әкеп соғу) тіркелді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған