Четверг, 28 ноября, 2024

6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» болуы мүмкін

6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» атануы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қазіргі таңда бізге 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданды. Енді 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» мәртебесі берілуі мүмкін. Яғни әзірше бірінші шешім қабылданды, — деп айтты вице-министр.

Оның айтуынша,нақты шешім әлі қабылданған жоқ.Себебі заңнама бойынша 6 ай мерзім өтуі керек. Сондай-ақ 36 мың арыз берушінің арызы кері қайтарылған.

Кей азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмей жатыр. Оның себебі – қарызының мөлшерден жоғары болуы (5,5 млн теңгеден астам – вице-министр), өздерінің активтерінде мүлік немесе автокөлік болуы сияқты сұрақтар туындап жатыр. Бірақ айта кетерлігі, егер біз арызды қайтаратын болсақ, заңнама аясында көрсетілген 3 айдың ішінде қайта арыз бере алады, — деді Ержан Біржанов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған