Среда, 27 ноября, 2024

Баланы қай жаста сүндетке отырғызған дұрыс

Уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев «Dope soz» подкастында баланы қай жаста сүндеттеу керегін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Ең дұрысы пубертат уақытына дейін сүндеттеген дұрыс. 13 жас — үлкен жас болып кетеді. Ол кезде жыныстық даму белсенді болып кетеді. Біз тақ сандағы жаста сүндетке отырғызу туралы айтамыз. Көбіне 5 немесе 7 жаста сүндеттеу керек деп үйреніп қалғанбыз. Ал жалпы туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс», — дейді Нұржан Нұрғалиев.

Оның айтуынша, сүндеттеу — денсаулыққа пайдалы екенін атап өтті.

«Оны дінмен байланыстырмай-ақ денсаулыққа тиімді екенін түсіну керек. Мысалы, АҚШ-та 1996 жылға дейін көп баланы сүндеттеді. Бүгінде статистика бойынша, ер адамдардың 70 пайызы сүндеттелген. Ислам елдерінде 99 пайыз және кейбір Еуропа елдеріндегі ер адамдардың 20 пайызы сүндеттелген. Африка елдерінде 2000-жылдары зерттеу жүргізілген. Яғни сүндеттелген және сүндеттелмеген ер адамдарда инфекция жұқтыруда айырмашылық болған», — дейді Нұржан Нұрғалиев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған