Вторник, 26 ноября, 2024

Абай облысында қар құрсауында қалған бірнеше адам құтқарылды

Абай облысында қар құрсауында қалған бірнеше адам құтқарылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қаңтарда таңғы уақытта «112» пультіне хабарлама түскен.

«Сұлусары ауылы ауданында, Өскемен – Алматы тас жолында бірнеше көлік қар құрсауында қалғаны және 6 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялау қажет екені белгілі болды. Оқиға орнына дереу №14 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының 3 адамы өтімділігі жоғары «КУНГ» техникасымен жіберілді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ жол бойында қар құрсауында қалған жеңіл көліктердегі 7 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар. Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Қалбатау ауылына келгеннен кейін адамдар «Арнау» қонақүйіне орналастырылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған