Вторник, 26 ноября, 2024

Абай облысында қызметтік ит есірткі қоймасын тапты

Абай облысында қызметтік ит есірткі қоймасын тапты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бородулиха ауданының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде есірткі заттарын сақтау туралы жедел ақпарат алады.

Жедел-тергеу тобы құрамындағы полиция-кинолог пен қызметтік-іздестіру иті күдіктінің тұрғынжайын дереу тексеруге кіріседі. Нәтижесінде «Арчи» атты қызметтік ит иіс ізін тауып, қосалқы бөлменің біріндегі жастыққа белсенді белгі берген жерден полицейлер 2 медициналық шприц тәркілеген. Сарапшының қорытындысы бойынша тексеруге ұсынылған заттар жалпы салмағы 0,0917 грамм экстракциялық апиын болып шықты.

«Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 296 бабының 2-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері қызметтік иттер жедел тергеу тобының құрамында 318-ден астам оқиға орнына шығып, оның ішінде 86 жағдайда қолданылды, оның ішінде облыстың кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 15 қылмыс ашылды. 4 айда қызметтік иттердің көмегімен полицейлер 536,1285 гр түрлі есірткі затын тәркіледі», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған