Абай облысына қарасты Көкпекті ауданында қамыс өртенді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, өрт кеше сағат 11.00 шамасында болған.
«Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді. Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты», — делінген хабарламада.
Өрт шамамен 200 гектар жерге тараған.
«Елдімекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.